Дәстүрлі садақ ату спортшылары Малайзияға барып қайтты
Садақ атудан ҚР Ұлттық құрамасы құрылды.
Анжела Тарыца, Айым Тілепберген, Ербол Тапенов, Қанат Абылайхан дәстүрлі садақ атудан спорт шебері атанды, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының мәліметіне сүйенсек.
Тағы бір айта кететін жайт, 18 садақшы шеберліктерін шыңдау үшін Малайзиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысып қайтты. Іс-шара 23 ақпан мен 6 наурыз аралығында өтті.
– Тарихи сәт, өйткені дәстүрлі садақ ату бойынша тұңғыш рет оқу-жиын жаттығуына қатысып қайттық. Бұл 5 Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына іріктеу болып саналады әрі қосымша өзіміздің тәжірибемізді арттыру үшін Малайзия елінде болып қайттық, осы оқу-жиыны жаттығуы арқасында көшпелілер ойындарында үздік нәтиже көрсетеміз деген сенімдеміз, – дейді “SAQ” Sadaq atu Qostanai федерациясының президенті Аяулым Аппазова.
Жан ШАЙМЕРДЕН, суретті ұсынған Аяулым Аппазова