Жыл соңына дейін 38 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Біздің Қостанай ЖКХ

Жыл соңына дейін 38 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Қостанай қаласында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 423 шақырымнан асады

Жергілікті әкімдік биылғы жылдың соңына дейін 38 көше мен 34 шақырым жолды жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. Оған 4 млрд теңге бөлінген. Оған қосымша 45 ауланың жолы да бар. 38 көшеге – 3.1 млрд теңге және 0,9 аулаларға жоспарланған. Бұл межені орындау үшін қала билігі тиісті жұмыстарды қолға алып жатыр.

Жаз айы басталды дегенше қаланың бірнеше көшесі жөндеуге жабылып, жол бойындағы ойық та шұңқыр жолдарға жөндеу жұмыстары басталады. Көшелер толығымен жабылып, жүргіншілерге бағыт өзгереді. Осындайда көлік жүргізушілеріне айналып жүруіне тура келетіні бар. Олай етпеске амал жоқ. Жыл сайын жол жөндеу көрмесе тағы болмайтыны белгілі. Осының арқасында мердігерлер тозығы жеткен жолдарды қырып, қайтадан жаңа асфальт салып қала тұрғындарының игілігіне ұсынуда. Көшелердің жабық болуы қала тұрғындары үшін кедергі әрине, бірақ жаз маусымында қарқынды жүргізілетін жол жөндеу жұмыстары да дер кезінде жүргізілуі тиіс.

Ағымдағы жылы облыс орталығында барлығы 38 көшені жөндеу жоспарлануда, жақын арада Гоголь және Рабочая көшелерінің шекарасында Сянова көшесін қалпына келтіруге конкурс жарияланады, бұл жұмыстар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. «Арвис» және «АБЗ Плюс» ЖШС-гі мердігерлік ұйымдары жол жұмыстарын сәуір айында бастаған болатын, 1 маусымда жалпы көлемнің 50% аяқталды.

Сонымен қатар, 45 аула аумақтары жаңартылуда. Қала әкімі осы жұмысты жаздың соңына дейін аяқтауды тапсырды. Биыл қаладағы 523 ауланың 466-сы немесе 90 пайызы жөнделмек. Келесі жылы қаланың қалған аулаларында жөндеу жұмыстары толығымен аяқталады.

Кейде кейбір көлік жүргізушілері жүргізіліп жатқан жолдармен жүруге болмайтынын ескертетін белгілерді жылжытып, жүре береті де болады екен.

–Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мердігерлік ұйымдар арнайы қоршаулар мен өткелдік траптар, айналу белгілерін қоюға, байланыс нөмерлері жазылған нысан паспорттарын орнатуға міндетті. Әр учаскенің жөнделетін мерзімі, жұмыс істейтін техника мен жұмысшылар саны алдын ала анықталған. Қазір жоспарланған көшелердің дені жөнделіп болды. Мысалы, Тәуелсіздік, Маяковский, Л.Беды, Гагарин, Набережная сынды көшелер жөнделіп, қолданысқа берілді. Қала инфрақұрылымының жылдан-жылға дамып, халықтың басты қажеттіліктерінің  қанағаттандырылуы тұрғындарды қуантуда, – дейді қалалық ТКШ бөлімінің бас маманы Шыңғыс Омаров.

Қонай кентіндегі жол жұмыстары да қадла әкімінң қадағалауында. Бүгінгі таңда ауылішілік жолдарды, сондай-ақ «Қонай» шағын ауданы мен аттас ауылды жалғайтын жолды жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Биыл ұзындығы 19,9 шақырым жолды құрайтын шағын ауданға кіреберіс жолдардың құрылысы да аяқталуда.

Соңғы бес жылдың ішінде 158,6 шақырым жол жөнделген. Соның бірі осыдан екі жыл бұрын ашылған «Береке-Әуежай» тас жолы еді. Жолдың ұзындығы 1,1 км жолдың екі жүру жолағы, жаяу жүргіншілер мен велосипедпен жүретін жолы бар. Жарық, жол және басқа да қажетті белгілер, сондай-ақ қауіпсіздік үшін бағдаршам құралдары да орнатылған. Бұл жол пайдалануға берілгеннен кейін қаланың шамадан тыс жүктелген Назарбаев-Дөненбаева қиылысын көліктен азайтуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, Қостанайдың орталық көшелерінің бірі қаланың солтүстік-батыс бөлігімен байланыстыратын теміржол арқылы өтетін жол өтпесі де жаңарды. Ол жүзеге асып, жол өтпесі халыққа беріліп, жүргіншілерге ыңғайлы болуда.

2003 жылы 65 көше жол жөндеумен қамтылды. Сондай-ақ, орамішілік аумақтар да жаңарды. Сол жылы 53 аула қамтылды. Триатлон паркіне шығатын Фролов көшесі, сондай-ақ Уральская көшесі учаскесінің жолы да жаңғырды. Қаланың солтүстік-батыс бөлігі мен «Әуежай» шағын ауданын жалғайтын жол қайта жаңартылды.

«Жол азабын жүрген білер» деп дана халқымыз беке айтпаса керек. Жолдың тақтайдай түзу болуы біріншіден көлік ішіндегі жолаушыларға ыңғайлы болса, астыңыздағы темір тұлпарыңыз үшін де тиімді. Бір сөзбен айтқанда, жақсы жолда көлік сынбайды, жолаушылар шаршамайды емес пе. Шаһарымызда қандай іс жасалса да, тұрғындардың игілігі үшін деп білеміз.

– Көлік тізгіндегендер үшін жолдың сапалы болғаны маңызды. Жаз басталысымен қаламызда көшелер жабылып, жолдар жөндеу көреді. Бұл дұрыс деп ойлаймын. Керек жеріңе тура жолмен бармай, айналып жүруге де үйрендік. Бірақ онсыз тағы болмас. Автобустардың да бағыттары өзгеріп жатады. Мұның бәрі де қалалықтар үшін. Ең бастысы сапалы болса болды, – дейді қала тұрғыны Асқар Бақыт.

Аий ӘБДІЛДА,
суреттерді түсірген
Лариса БОЖКО

Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах «Наш Костанай» ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77

Источник…

Worldwide News, Local News in London, Tips & Tricks