Қаламыздың облыстық мешітінде “Қайырымдылық керуені” ұйымдастырылды

Социум

Қаламыздың облыстық мешітінде “Қайырымдылық керуені” ұйымдастырылды

Апат айтып келмейді. Расында да ешбір табиғаттан болатын тілсіз апаттары ескертусіз-ақ орын алары шындық.

Осындай жағдайда бірігіп, көмек берген дұрыс. Қостанай облыстық «Аймағамбет қажы Спанұлы» мешітінде зардап шеккендерге азық-түлік, қажетті заттар жиналды.

– Қиын уақытта бүкіл ел бір болып қол ұшын созу маңызды. Су тасқынынан зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету біздің міндетіміз,– дейді “Зекет және қайырымдылық” қорының басқарушысы Бақытжан Икрам.

Барлықтарына бірінші кезекте қажетті азық-түлік жинады. Оның ішінде сұйық май, күріш, шай, жұмыртқа, макарон өнімдері және тағы басқа. Алдағы уақытта барлығын тарататын болады.

Айта кету керек, қайырымдылық керуенің ұйымдастыруға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамашы болды.

– Алла Тағала қайырымдылық іске атсалысқан барша азаматтарға разы болсын. Бұл сынақтың соңы қуаныш пен жақсылыққа ұласқай. Әмин, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Аяжан СЕРІК,
суретті ұсынған Бағдат Ахметбеков

Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах «Наш Костанай» ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77

Источник…

Worldwide News, Local News in London, Tips & Tricks