Қостанайда мәдениет және өнер қайраткерлерінің “атаулы” ағаштарын отырғызуы өтті
Бүгін, 21 мамыр Қазақстанда мәдениет және өнер қызметкерлері күні – еліміздің мәдени мұрасын өзінің таланты мен еңбегімен байытатындардың барлығына арналған мереке атап өтіледі.
Бұл күн Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2013 жылы құрылды және содан бері елдің мәдени күнтізбесінде маңызды күн болып табылады.
Мерекеге орай бүкіл ел бойынша мәдениет және өнер қызметкерлерін құрметтеуге бағытталған түрлі іс-шаралар өткізілуде. Бүгін Қазақстанда өз өмірін өнерге қызмет етуге арнағандарды құрметтейді, марапаттайды және алғыс айтады. И. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрына іргелес аумақта орналасқан тың игерушілер алаңында ағаш отырғызылды. Алғашқы сөз кезегін Қостанай облысының әкімінің орынбасары Мұхаметқали Ринат Зәкиұлына берілді.
– Бүгін үлкен мереке болып жатыр. Мемлекетті мемлекет, ұлтты ұлт ететін мәдениет пен тіл. Бүкіл жасалып жатқан саясат осы мәдениеттің маңайында өтеді. Бізді тарихтан тарихқа, ғасырдан ғасырға алып келе жатқан да осы мәдениет қана. Сондықтан барлық мәдениет майталмандарын мерекелерімен құттықтаймын, – дейді Ринат Мұхаметқали.
Енді әрбір танымал мәдениет және өнер қайраткерінің өз ” атаулы ” ағашы бар, бұл олардың қаламыздың, облысымыздың мәдениетінің дамуына қосқан үлесін білдіреді. Бұл акция қаланы безендіріп қана қоймай, олардың жетістіктеріне тірі ескерткіш ретінде қызмет етеді. Осы аллея арқылы өтетін әрбір адам өзінің еңбегімен және талантымен Қазақстанды мәдени жағынан байытқан адамдардың есімдерін көре алады.
– Менің мамандығым журналист қой. Газетке барып жазуды үйрендім, радиоға барып сөйлеуді үйрендім. Мәдениет саласының басшысының орынбасары болдым, яғни ол жерде мәдиетті үйрендім. Ұлты, діні басқалар ағашты кесіп жаның қинап жатса, бізде ағаш отырғызады ғой. Сондықтан ағаштар өсіп, көктей берсін, – дейді мәдениет қайраткері Ақылбек Шаяхмет.
Мәдениет және өнер қызметкерлері күні-бұл жай ғана мереке емес, қоғам өміріндегі мәдениет пен өнердің маңыздылығын мойындау. Бұл күн Қазақстанның әрбір тұрғыны біздің өмірімізді бай әрі қызықты ететіндерге өз ризашылығын білдіре алатын күн.
Атаулы ағаштар ретінде ұзындығы 1м құрайтын канадалық шыршалар таңдалды. Кезекпен Қостанай облысының еңбек сіңірген мәдениет қызметкерлері ағаш отырғызып бастады. Жалпы 13 ағаш отырғызылды. Әрбір ағаштың жанына мәдениет басқармасымен бекітілген тізім бойынша тақталар орналастырылған.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген Лариса БОЖКО